Астанадағы зәулім ғимараттан шыққан өрт видеоға түсіп қалды

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: куәгерлерден

Астана орталығында "7 бөшке" тұрғын үй кешені ғимараттарының бірі өртенді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Астана орталығында "7 бөшке" тұрғын үй кешені ғимараттарының бірі өртенді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қалалық ТЖД мәліметінше, Сығанақ көшесі, 23 мекенжайында өрт шыққан. Оқиға орнына 25 өртсөндіруші мен 5 техника жіберілген.

Реклама
Реклама

"Алдын ала болжам бойынша, 46 шаршы метр аумақта ғимарат қаптамасы, жабыны және пәтер балконы өртке оранған. Өрт 14:08-де жойылды", - деді ведомство өкілдері.

Төтенше жағдайлар департаменті мәліметінше, зардап шеккендер мен құрбандар жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама