Астанадағы зәулім үйлердің бірінде өрт шықты

25 Қаңтар 2015, 17:21
0
Скриншот
Скриншот

Астана қаласының Қонаев 10 мекен жайында зәулім үйлердің бірінде өрт шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz  тілшісі қалалық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Өрт туралы хабарламаға екінші номер берілсе де, өрт шалған аумақ үлкен емес - 4-5 шаршы метр. Техникалық 16-қабаттағы кеңсе жиһазы мен қағаз жанған.  

Өрт 8 минуттан кейін ауыздықталды. Өрт сөндірушілердің шұғыл жұмысының арқасында оның өзге де бөлмелерге таралуына жол берілмеді. 

"Дабыл қағылды, өрт жылдам сөндірілді. Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ. Адамдар эвакуацияланбады", - делінген баспасөз қызметінің хабарламасында. 

Айта кетейік, бұл ғимаратта "Қазатомөнеркәсіп" компаниясының кеңселері орналасқан.


Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай