ПОДЕЛИТЬСЯ
03 ақпан 2020 | 09:11
Астаналық полицей жеті адамды өрттен аман алып қалған
Астаналық полицей жеті адамды құтқарып қалған, оның ішінде екі бала бар, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Астаналық полицей жеті адамды құтқарып қалған, оның ішінде екі бала бар, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Полиция департаментінің мәліметінше, Ерлан Жаңабаевтың ішкі істер органдарында қызмет еткеніне 17 жыл болған. Ол 1 ақпанда әкімшілік аймағында тексеріс жүргізу барысында Өрлікөл көшесінің бойында орналасқан жатақханадан түтін шығып жатқанын байқаған. Полицей жылдам әрекет етіп, тұрғындарға көмектесіп, Өрт сөндіру қызметіне хабарласқан.
"Өрт сөндірушілерді күтудің де керегі болмағанын түсінген полицей ғимаратқа кіріп, адамдарды эвакуациялады. Оның ішінде егде жастағы адамдар мен кішкентай балалар болды. Ерлан Жаңабаев өрттен жеті адамды, оның ішінде кәмелет жасына толмаған екі баланы құтқарып қалды. Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі анықталып жатыр. Бұл туралы полиция капитаны тек әріптестеріне тұрғындар әлеуметтік желіде оған алғыс айта бастағаннан кейін айтқан. Олар полицей көмекке келмегенде қайғылы оқиға болуы мүмкін екенін де айтқан", - деді астаналық полиция департаменті өкілдері.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от NUR-SULTAN|АСТАНА|SERGEK (@astana_brothers) 2 Фев 2020 в 12:50 PST
Полицей өзі жасаған ісін ерекше әрекет деп санамайтынын айтады.
"Полиция қызметі - адамдарға көмек көрсету, өзім ерекше әрекет жасадым деп санамаймын. Мұндай сәтте кез келген қызметкер көмек қолын созады деп ойлаймын", - дейді Ерлан Жаңабаев.
Показать комментарии
Читайте также