Астаналық полицейлер жол-көлік оқиғасы орнынан қашып кеткен тәртіп бұзушыны қолға түсірді

Елордалық полиция қызметкерлері Жұбанов көшесінде болған жол-көлік оқиғасы орнынан қашып кеткен қаскүнемді қолға түсірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ІІМ ресми өкілі Алмас Садубаевқа сілтеме жасап.

Оның айтуынша, полицейлерден қашып кетпек болған тәртіп бұзушы тағы бір автокөлікке соқтығысқан.

"Ізіне полицейлер түскен кезде ол заңды талаптарға жауап бермеген соң, қызметкерлер оның автокөлігінің дөңгелектеріне екі рет оқ атқан болатын. Бірақ, тәртіп бұзушы мұны елемей, ары қарай оқ атылған дөңгелектерімен қаша берді. Тіпті оны жол қиылысында тоқтатуға тырысқан полицейді деқағып кетті", - деді Садубаев.

Реклама
Реклама

Сөйтіп, полиция қызметкерлері Құдайбердіұлы көшесінде автокөлікті бұғаттап, полиция бөлімшесіне жеткізді. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Зардап шеккендер жоқ.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама