Астананың сауналарында жезөкшелерді 3-5 мың теңгеге сатқандар ұсталды

Астананың сауналарында жезөкшелерді 3-5 мың теңгеге сатқандар ұсталды Иллюстрация © Тengrinews.kz

Астанада сауналардың әкімшілері ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елорда ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, рейд жүргізген полицейлер бірнеше саунаның әкімшісін ұстады.

"Жеңгетайлық жасағаны үшін саунаның 49 жастағы әкімшісі ұсталды, ол пайда көру мақсатында сауна клиентіне жыныстық қызмет көрсетуші 19 жастағы қызды ұсынған. Бұл әрекеті үшін әйел бес мың теңге ақша алыпты. Келесі саунаны тексеру барысында 25 жастағы әкімші ұсталды, ол да жеңгетай болып, сауна клиентіне қызды ұсынып, үш мың теңге алған", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Полицейлер тағы бір әкімшіні ұстады, ол бес мың теңге алып, саунаның клиентіне жыныстық қызмет көрсететін бір қызды ұсынған.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news2
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама