Астананың тергеу абақтысында ер адам көз жұмды

Астананың тергеу абақтысында ер адам көз жұмды Иллюстрациялық сурет: ©РИА Новости

Астананың тергеу абақтысында ер адам көз жұмды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. Бұл ақпаратты ҚР ІІМ ҚАЖК Қылмыстық атқару жүйесінің департаменті растады. 

Ведомство өкілдерінің айтуынша, ер адам 2018 жылдың 26 мамырында ЕЦ-166/1 мекемесінде (тергеу абақтысы) мезгілсіз көз жұмды.

"Медициналық анықтама бойынша 2018 жылдың 26 мамырында тергеу абақтысында отрыған ер адам есінен танып, жедел жәрдем шақыртылған. Алдын ала болжам бойынша өлім себебі: өткір жүрек-қан тамырының жетіспеушілігі. Қазіргі таңда Астананың ҚАЖК-нің департаменті аталған дерек бойынша қызметтік тергеу жүргізіп жатыр", - делінген департаменттің ресми жауабында.

Жарнама
Жарнама
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама