Ата-анасының көзінше ұрып-соққан: Қарағандыда жаппай төбелескендер ұсталды

видеода үзінді

?ара?анда жаппай т?белесті? видеосы пайда болды. ?ара?анды облысты? ІІД баспас?з ?ызметіні? м?іметінше, жаппай т?белескендерді? барлы?ы ?сталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Қарағанда жаппай төбелестің видеосы пайда болды. Қарағанды облыстық ІІД баспасөз қызметінің мәіметінше, жаппай төбелескендердің барлығы ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Жаппай төбелесті куәгерлер видеоға түсіріп, Instagram желісінде жариялаған. Видеоның жазбасында 7 қаңтарда Қарағанды қаласының оңтүстік-шығыс бөлігінде Победа көшесінде түсірілгені айтылған. Бір топ жігіт басқа бір топ жігітті ата-аналарының көзінше ұрып соққан делінген. Бірнеше сағаттың ішінде видео 20 мың рет қаралған. 

Қарағанды облыстық ІІД баспасөз қызметі осы оқиғаға қатысты пікір білдірді. Ресми мәліметке сәйкес, осы дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы ("Адамдар тобымен жасалған бұзақылық") бойынша біріңғай реестрге тіркелген. 

Реклама
Реклама

"Сотқа дейінгі тергеу шаралары жүріп жатыр, сот медициналық сараптама тағайындалған. Оқиғаға қатысқандардың барлығы ұсталды және қазіргі уақытта жауап беріп жатыр", - деді ведомстводағылар. 

 Ескерту! Видеода былапыт сөздер айтылады!

 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news1
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама