24 мамыр 2022 23:56

Атырау облысында былтыр жоғалып кеткен Өзбекстан азаматы өлі табылды

Жансая Қадыржанова Корреспондент
© elements.envato.com

Атырау облысында былтыр қыста жоғалып кеткен 42 жастағы Өзбекстан азаматы өлі табылды, - деп хабарлайды azh.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Атырау облысында былтыр қыста жоғалып кеткен 42 жастағы Өзбекстан азаматы өлі табылды, - деп хабарлайды azh.kz.

Ер адам Қызылқоға ауданы Кенбай ауылындағы "Азамат" шаруа қожалығында бақташы болып жұмыс істеген. Ол 16 желтоқсанда далаға кетіп, содан оралмаған. Іздеу шаралары ешқандай нәтиже бермеген соң тоқтатылған.

Жақында Қызылқоға АПБ учаскелік инспекторы Е.Сағытжанов "Азамат" шаруа қожалығынан үш шақырым жерде өзіне бекітілген учаскені тексеру барысында белгісіз адамның мәйітін тауып алған.

Реклама
Реклама

Сот-медициналық сараптама нәтижесінде бұл бес ай бұрын қыста жоғалып кеткен шопан екені анықталған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram