1. Басты
  2. Біл
  3. Оқиға
  4. Тосын жай
Реклама
Реклама

Атырау облысында жантүршігерлік апаттан әкесі, анасы және баласы қаза тапты

Атырау облысында жол-көлік оқиғасы салдарынан үш адам қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Фото: ҚР ІІМ

Атырау облысында жол-көлік оқиғасы салдарынан үш адам қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

9 наурыз күні республикалық маңызы бар Ақтөбе - Атырау - Астрахань тас жолының 551-шақырым тұсында "Ларгус" және УАЗ автокөліктерінің бетпе бет соқтығысуынан тағы бір ірі жол-көлік оқиғасы болды.

Реклама
Реклама

Салдарынан оқиға орнында "Ларгус" автокөлігінің 1990 жылы туған жүргізушісі және 1994, 2022 жылдары туған жолаушылары қаза тапты.

Сонымен қатар, УАЗ автокөлігінің 3 жолаушысы түрлі дене жарақатымен облыстық ауруханаға жеткізілген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!