Атырау облысында жасөспірім аттан құлап, суға батып кеткен

Дина Шарипханова Корреспондент
Атырау облысында жасөспірім аттан құлап, суға батып кеткен Фото: Атырау облысы ТЖД

Атырау облысында атта отырған бала суға құлап, мерт болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі mgorod.kz сайтына сілтеме жасап.

Атырау облысында атта отырған бала суға құлап, мерт болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі mgorod.kz сайтына сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға 30 мамырда сағат 15:00 шамасында Құрманғазы ауданындағы Сафон ауылында болған. Құтқарушыларға 12 жастағы бала абайсызда суға түсіп кеткені туралы хабар түскен. Артынша бала атта отырған сәтінде суға түсіп кеткені анықталды.

Жарнама
Жарнама

15:30-да жергілікті тұрғындар баланың денесін алып шығып туыстарына тапсырған.

Еске салайық, жақында тағы бір бала суға батып кеткен болатын. Құрманғазы ауданында 15 жастағы бала тыйым салынған жерде суға түскен.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама