27 маусым 2022 | 08:43

Атырау облысында жол апатынан бес адам қаза тапты

Сурет: Атырау облысы ПД баспасөз қызметі

Атырау облысында жол апатынан бес адам қаза болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ATPress.kz сайтаны сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Атырау облысында жол апатынан бес адам қаза болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ATPress.kz сайтаны сілтеме жасап. 

Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 26 маусымда сағат шамамен 16:00-де болған.

"Республикалық маңызы бар Доссор-Құлсары-Бейнеу тасжолының 31-шақырымы тұсында Toyota Hiluxe және Hyundai Tucson автокөліктері соқтығысты. Жол апаты салдарынан Hyundai Tucson​ көлігін​ің 37 жастағы жүргізушісі мен оның 4 жолаушысы оқиға орнында қаза болды. Toyota Hiluxe автокөлігінің жүргізушісі мен жолаушысы түрлі дене жарақатымен облыстық ауруханаға жеткізілді", - деп хабарлады департамент өкілдері.

Реклама
Реклама

Жол апатына жолда жүру ережесін сақтамау себеп болғаны хабарланды. Қазір оқиғаға байланысты тергеу амалдары жүріп жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная