Атырау облысында жұмбақ жағдайда жоғалған отбасы: ерлі-зайыптының жерлеу рәсімі өтті

Дина Шарипханова Корреспондент
Атырау облысында жұмбақ жағдайда жоғалған отбасы: ерлі-зайыптының жерлеу рәсімі өтті

Атырау облысы Қызылқоға ауданы Жангелдин ауылында жұмбақ жағдайда көз жұмған ерлі-зайыптыны ақтық сапарға шығарып салу рәсімі өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Ақ Жайық" басылымына сілтеме жасап.

Қаралы жиынға марқұмдардың туыстары, көршілері және ауыл тұрғындары жиналған.

Әкімдік мәліметінше, жерлеу рәсімін қаза тапқандардың туыстары ұйымдастырған.

Реклама
Реклама

Еске салайық, 25 желтоқсанда Атырау облысының полициясына қала тұрғынынан ағасы мен оның отбасы бір айдан аса уақыттан бері хабар-ошарсыз кеткені туралы арыз түскен.

6 қаңтарда ерлі-зайыпты өлі табылды. Олардың ұл-қызы әлі іздестіріліп жатыр.

"Бұл дерек бойынша адам өлтіру белгілерімен қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілер анықталды. Қазір оларды іздеу және ұстау мақсатында құқық қорғау органдары жедел іздестіру іс-шараларын жүргізіп жатыр", - деді бұған дейін полиция.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама