Атырау облысында көліктен екі адам өлі табылды

Дина Шарипханова Корреспондент
viewings icon 581
comments icon 0
видео кадры видео кадры

Атырау облысында көлік өзенге батып, екі адам қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Атырау облысында көлік өзенге батып, екі адам қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

17 қазанда учаскелік полиция инспекторы Жайық өзеніне бағытталған автокөлік іздері барын хабарлаған. Бұл хабарлама бойынша Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері Жайық өзеніне батып кеткен Niva автокөлігін шығарды.

Реклама
Реклама

"Көлік ішінен 1971 жылы туған және 1981 жылы туған екі ер адамның денесі анықталды. Дене жарақаттары анықталмаған", - делінген хабарламада.

Бейнекамераларға 16 қазанда сағат 23:18 шамасында автокөлік жоғары жылдамдықпен барып Жайық өзеніне батқаны түсіп қалған. Қазір сот медициналық сараптамасы тағайындалды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Дина Шарипханова
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная