ПОДЕЛИТЬСЯ
04 қазан 2022 | 13:10
Атырау облысында көліктер су астында қалды: ТЖМ видеоға қатысты пікір білдірді
Атырау облысында Каспий теңізіндегі су деңгейінің көтерілуі салдарынан 10-ға жуық көлік су астында қалды. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқырман суға батқан көліктердің видеосын жіберді.
ТЖМ ресми өкілі мәліметінше, оқиға 3 қазанда Атырау облысындағы Исатай ауылынан 40 шақырым жерде болған.
"Екпінді жел салдарынан ("Қазгидромет" РМК деректері бойынша секундына 23 метрге дейін) су деңгейі көтерілді, нәтижесінде 10-ға жуық көлік (иелері - балықшы, аңшылар) ішінара су астында қалды, сағат 20.00-дегі жағдай бойынша су қайтты. Көлік иелері учаскеден кетті", - деді Иманқұлов тілшіге.
Айта кетейік, бұған дейін ТЖД облыстың батысы мен оңтүстігінде құмды дауыл күтілетіні туралы ескерту таратқан.
"Зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ. Төтенше жағдайлар министрлігі тұрғындардан ескертулерге назар аударуды, құтқарушылардың ұсынысын басшылыққа алуды және көлік құралдарын су қоймаларына жақын қалдырмауды сұрайды", - деп толықтырды Руслан Иманқұлов.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также