25 мамыр 2022 | 09:27

Атырау облысында мектеп директорларына қомақты айыппұл салынуы мүмкін

Жансая Қадыржанова Корреспондент
Фото: ©Тұрар Қазанғапов

Атырау облысында мектеп директорларына қомақты айыппұл салынуы мүмкін, - деп хабарлайды ktk.kz

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Атырау облысында мектеп директорларына қомақты айыппұл салынуы мүмкін, - деп хабарлайды ktk.kz

Атырау облысында 170-тен аса мектеп директорына қомақты айыппұл салынуы мүмкін. Себебі білім ошағының басшылары мектептің әлеуметтік желідегі парақшаларын жүргізу үшін оралдық компаниямен келісімге отырған.

Басылым мәліметінше, қызмет құны айына 5 мың, жылына 60 мың теңге болған. Алайда Ішкі аудит департаменті тексеріс жүргізіп, компания құжаттарынан заңсыз жайттарды анықтаған.

Реклама
Реклама

Мектеп басшыларының айтуынша, ешқандай заңбұзушылық жоқ. Бәрі мемлекеттік сатып алу порталының талаптарына сай жасалған. Әр ауылдан келген директорлар бұған наразылық білдіріп, Ішкі аудит департаментіне барған. Ал ондағылар прокуратураның нұсқауымен тексеріс жүргізгенін айтқан. Дегенмен бұған Атырау облысы прокуратурасының қатысы жоқ болып шыққан. Дүрліккен директорлар енді сотқа шағымдануға ниет білдіріп отыр.

"Бізді ішкі аудит бөліміне шақырып, бір апта ішінде болса 150 мың, бір ай ішінде болса 300 мың ақша айыппұл төлейсіңдер деді", - дейді мектеп директорларының бірі Руслан Қанатов. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная