Атырау облысында өрттен анасы мен баласы қаза тапты

viewings icon 202
comments icon 0
Фото:depositphotos.com Фото:depositphotos.com

Атырау облысында өрттен анасы мен баласы қаза тапты. Отағасы мен оның кішкентай немересі ауруханаға жеткізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Атырау облысында өрттен анасы мен баласы қаза тапты. Отағасы мен оның кішкентай немересі ауруханаға жеткізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

БАҚ мәліметінше, қайғылы оқиға Құрманғазы ауданы Ақкөл ауылында болған. Тұрғын үйге жапсарлас салынған нысанда өрт шыққан. Өрт кезінде үйдің төбесі құлап, салдарынан әйел мен оның ұлы далаға шыға алмай қалған. Басқалары терезеден сыртқа шығып үлгерген.

"Өрт 5:52-де оқшауланып, 6:30-да толығымен жойылды. Өрттен 66 жастағы анасы мен оның 35 жастағы ұлы қаза тапты. Екі қолы күйіп қалған 58 жастағы отбағасы мен түтіннен улану белгілері бар 5 жасар немересі аудандық ауруханаға жатқызылды", - деп хабарлады Атырау облысы ТЖД.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная