14 шілде 2022 09:04

Атырау облысында пойыз жеңіл көлікті соқты. Бір адам қаза болды

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: azh.kz

Атырау облысында жеңіл көлік теміржол жолағына шығып кетіп, жүк пойызымен соқтығысты. Салдарынан бір адам қаза тапты, - деп хабарлайды "Ақ Жайық" басылымы.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Атырау облысында жеңіл көлік теміржол жолағына шығып кетіп, жүк пойызымен соқтығысты. Салдарынан бір адам қаза тапты, - деп хабарлайды "Ақ Жайық" басылымы.

Басылым мәліметінше, қайғылы оқиға 13 шілдеде болған. Атырау облысының Мақат ауданындағы №8 өрт сөндіру бөлімінің байланыс бекетіне жергілікті уақытпен сағат 11:45-те хабар түскен. Мақат кентінен 20 шақырым қашықта теміржол өткелінен өтпек болған Lada Granta жеңіл автокөлігі жүк пойызының тепловозына соқтығысып қалған.

"Соқтығысу салдарынан жеңіл көліктің 1999 жылғы жүргізушісі жарақат алғаны анықталды. Ал көлікте болған 54 жастағы жолаушы оқиға орнында көз жұмды", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері "Холматро" арнайы құралы арқылы мерт болған адамның денесін шығару жұмыстарын жүргізді. Жүк пойызының тіркемесінде құрылыс материалдары тиелген 66 жүк вагоны болған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram