06 қазан 2021 | 10:38

Атырау облысында шөп өртеніп, үш бала қайтыс болды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Атырау облысының Махамбет ауданында бума шөп өртеніп, 3 бала қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ТЖМ өкіліне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Атырау облысының Махамбет ауданында бума шөп өртеніп, 3 бала қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ТЖМ өкіліне сілтеме жасап.

2021 жылдың 5 қазанында сағат 19:27-де кезекші пультіне Махамбет ауданы, Ортақшыл ауылы, Жаскеленов көшесіндегі үйдің ауласына жиналған 22 дана бума шөп жанып жатқаны туралы хабар келіп түскен.

Оқиға орнына №11 ӨСБ-нің өрт сөндірушілері 19:45-те жетіп, өрт 23:07 минутта толығымен сөндірілген.

Реклама
Реклама

Алайда, 6 қазан күні 00:02 минутта Махамбет аудандық полиция бөлімінен Ортақшыл ауылында кәмелет жасына толмаған үш бала белгісіз жағдайда жоғалғаны туралы хабарлама келген.

"Іздестіру жұмыстарына ТЖД 11 қызметкері, 3 дана техникасы, 2 кинологиялық есеп, полиция департаменті қызметкерлері мен ауыл тұрғындары жұмылдырылды. Жоғалған 2014 жылғы екі бала мен 2012 жылғы бір баланың денесі өртенген шөптің арасынан табылды. Олардың денесі ПД қызметкерлеріне тапсырылып, сот-медициналық сараптамасы тағайындалды. Құрметті қазақстандықтар! ҚР ТЖМ өрт қауіпсіздігі шараларын қатаң сақтауды және балаларды қараусыз қалдырмауды ескертеді", - дейді ҚР ТЖМ баспасөз қызметі өкілі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная