06 желтоқсан 2023 | 15:04

Атырау полициясы баласымен қамауға алынды деген әйелдің видеосына қатысты пікір білдірді

видео кадры

Атырау полициясы тәртіп сақшылары әйелді алты айлық баласымен ұстап отыр деген хабарламаға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Атырау полициясы тәртіп сақшылары әйелді алты айлық баласымен ұстап отыр деген хабарламаға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әлеуметтік желіде Атыраудағы уақытша ұстау изоляторында түсірілген видео пайда болды. Автордың айтуынша, полиция әйелді қарыз алып, қайтармағаны үшін алты айлық баласымен бірге уақытша ұстау изоляторына қамап қойған.

Реклама
Реклама

Атырау полициясы аса ірі көлемде алаяқтық жасады деген күдікпен 1990 жылы туған әйелдің ұсталғанын хабарлады. Ол бірнеше жәбірленушіге ақшаны көбейтіп беру туралы желеумен 15 миллион теңге көлемінде шығын келтірді деген күдікке ілінген.

"Айта кетейік, әлеуметтік желі қолданушыларының әйелді полиция қызметкерлері заңсыз ұстады деген ақпараты шындыққа жанаспайды. Полицейлер заң аясында әрекет етті. Күдіктінің туыстары сәбиді бөлімшеге әкелгеннен кейін министрліктің 2018 жылғы 5 ақпандағы №95 бұйрығына сәйкес 3 жасқа дейінгі бала қажетіне қарай анасына кіргізілді", - деп хабарлады полиция.

6 желтоқсанда тергеу сотының қаулысы бойынша, әйел екі айға үйқамаққа алынғаны айтылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная