ПОДЕЛИТЬСЯ
04 сәуір 2023 | 11:48
Атырау тұрғыны 15 жыл бұрын сатқан көлігінің салығы мен айыппұлын төлеп келген
Атыраулық 15 жылдан бері сатқан көлігінің салығы мен айыппұлын төлеп келген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Атыраулық 15 жылдан бері сатқан көлігінің салығы мен айыппұлын төлеп келген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ІІМ баспасөз қызметі мәліметінше, Атырау қаласынының 1966 жылы туған тұрғыны өз меншігіндегі ГАЗель автокөлігін 2008 жылы сатып жіберген. Осы уақыттан бері ол автокөліктің барлық салығы, айыппұлын төлеп келген.
"Соңғы 5 жылда ГАЗель автокөлігін іздеп, 2022 жылы Атырау облысы ПД Әкімшілік полиция басқармасының бастығы полиция подполковнигі Руслан Мажитовтың қабылдауында болған. Автокөліктің Алматы облысы Қаскелең қаласында жүргендігі анықталып, қазіргі иесі табылды. Қала тұрғыны автокөлікті тіркеуден шығарды. Қазіргі иесі осы жылдың 20 наурызы күні автокөліктің 800 мың теңге көлеміндегі салықтары мен айыппұлдарын өтеуге келіскен", - делінген хабарламада.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также