23 қаңтар 2022 15:17

Атырауда 9 жастағы бала жоғалып кетті

Жансая Қадыржанова Корреспондент
Фото: "Ақ Жайық"

Атырауда 9 жастағы бала жоғалып кетті. Ол Балықшыдағы үйінен інісімен ойнауға шығып, қайта оралмаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Ақ Жайыққа" сілтеме жасай отырып.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Атырауда 9 жастағы бала жоғалып кетті. Ол Балықшыдағы үйінен інісімен ойнауға шығып, қайта оралмаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Ақ Жайыққа" сілтеме жасай отырып.

Балалар 22 қаңтарда сағат үште серуендеуге шығып, алтыға қарай кіші ұлы қайтып келіп, ағасы әрі қарай жүруге кеткен. Баланың ата-анасы бір жарым сағат бойы өздері іздеп таба алмай, полицияға жүгінген. Баланың аты - Еппили Саяли Аннанд Раон. Ол шағылысатын белгілері бар қара-сұр күртеше мен көк бас киім киген.

Таңертеңгі сағат 5.30-да құтқарушылар іздестіруге жұмылдырылды. Қазір құтқарушылар Балықшы шағынауданын іздестіріп жатыр, сондай-ақ, Перетаска каналына сүңгуірлер тексеріс жүргізіп жатыр.

Реклама
Реклама

"Іздестіру жұмыстарына Атырау облысы ТЖД 17 қызметкері мен 3 техникасы жұмылдырылды", - деді ТЖД баспасөз қызметі өкілі.

Сонымен қатар, Балықшы тұрғындары мен бала оқитын мектеп мұғалімдері іздестіріп жатыр.

Баланың орналасқан жері туралы ақпарат білетіндерден анасының номеріне +7 778 586 1956 немесе полицияға 102 номері бойынша хабарласу сұралады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram