Атырауда анасы ұлының полицейлерден қашуына көмектескен: видео

Атырауда анасы ұлының полицейлерден қашуына көмектескен: видео Видео кадры

Атырауда жүргізуші куәлігі жоқ 18 жастағы жігіт үйінің ауласына кіріп, полицейлерден қашпақ болған, деп хабарлайды Tengri Auto. Оған қашуға анасы көмектескен.

Атырауда жүргізуші куәлігі жоқ 18 жастағы жігіт үйінің ауласына кіріп, полицейлерден қашпақ болған, деп хабарлайды Tengri Auto. Оған қашуға анасы көмектескен.

Полиция мәліметінше, оқиға 28 наурызда болған. Lada Priora жүргізушісі полицейлердің тоқтау туралы талабына бағынбаған. Ол көлікті үйіне қарай айдап барған. Сол сәтте қақпа алдын ала ашық тұрған, ал көлік аулаға кірген бойда жүргізушінің анасы патрульдік көлікті кіргізбей қақпаны дереу жауып тастаған.

Реклама
Реклама

Жүргізуші екі бап бойынша - куәліксіз көлік айдағаны және полицияның заңды қызметіне кедергі келтіргені үшін жазаланды. Сот шешімімен оған 10 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алу жазасы тағайындалды.

Жігіттің 57 жастағы анасы да полиция қызметкерлерінің іс-әрекетіне кедергі келтіргені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Бұдан бөлек көлікті басқару құқығы жоқ тұлғаға тізгінді берген Lada Priora иесі де жазаланды. Полиция ақпаратынша, көлік иесі 18 жастағы құқық бұзушының ағасы болып шыққан.

Сондай-ақ ПД құқық бұзушы білім алатын оқу орнына профилактикалық шаралар қабылдау туралы ресми ұсыныс жолданғанын хабарлады.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама