28 қазан 2019 | 09:08

Атырауда әскери қызметші менингиттен қайтыс болды

Иллюстрация. © Тұрар Қазанғапов

Атырауда менингиттен әскери қызметші қайтыс болды, - деп хабарлайды "ҚазАқпарат" ХАА-ға сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Атырауда менингиттен әскери қызметші қайтыс болды, - деп хабарлайды "ҚазАқпарат" ХАА-ға сілтеме жасап.

Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының хабарына қарағанда, 26 қазанда облыстық ауруханаға әскери бөлімнің фельдшері әскери қызметшіні ауыр халде жеткізген. Пациентке алдын ала диагноз қойылды - шұғыл формадағы менингококк инфекциясы. Жүргізілген қарқынды терапияға қарамастан, әскери қызметші бес сағаттан кейін көз жұмған.

Реклама
Реклама

Алдын ала мәліметтер бойынша, әскери қызметші 26 қазанда медициналық көмекке жүгінген. Әскери бөлімге сарбаз 16 қазанда келген келді.

"Денсаулық сақтау басқармасы аталған жағдайды тексеру бойынша комиссия құрды. 27 қазанда әскери бөлімде эпидемияға қарсы профилактикалық іс-шаралар өткізілді - науқастармен қарым-қатынаста болғандардың барлығын дәрігерлер тексеріп, айғақтары бойынша антибиотикпрофилактика шаралары тағайындалып, басталды. Байланыста болған адамдардың арасында менингококк инфекциясына күдікті адамдар анықталмады, медициналық бақылау жүргізіліп жатыр", - делінген хабарламада.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная