Атырауда автобус пен ГАЗель соқтығысты

Гүлнара Досымшалова Корреспондент
Атырауда автобус пен ГАЗель соқтығысты mgorod.kz

Атырауда жолаушылар автобусы мен ГАЗель соқтығысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Атырауда жолаушылар автобусы мен ГАЗель соқтығысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиға 29 мамыр күні сағат 19:00 шамасында Тасқала-3 ауылындағы 18-21 көшелерінің қиылысында болған.

"Екі көлік Тасқала-3 елді мекеніндегі 18 және 21-көшенің қиылысында болған. Жолаушы тасымалдайтын "Daewoo" маркалы автобустың жүргізушісі оң жақта келе жатқан ГАЗель көлігіне жол бермеген. Автобус жүргізушісі жол апатына себепкер болған. ГАЗель көлігі соққының екпінімен аударылып, көшедегі жарық бағанына соғылды", - деді полицейлер.

Жарнама
Жарнама

Апат салдарынан бірнеше адам әртүрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді.

Полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама