29 сәуір 2023 17:55

Атырауда бала трактор багына шұбат құйып қойған

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото ©️ Tengrinews.kz

Атырауда кішкентай бала трактордың май құятын багына шұбат құйып қойған. Техника иесі баланың әкесін сотқа берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Мой город" порталына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Атырауда кішкентай бала трактордың май құятын багына шұбат құйып қойған. Техника иесі баланың әкесін сотқа берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Мой город" порталына сілтеме жасап.

Істі Атырау облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты қараған. Ер адамға ӘҚБтК-нің 435-бабы "Кәмелетке толмағандар жасаған бұзақылық" бойынша айып тағылды.

Реклама
Реклама

Портал мәліметінше, айыпталушының баласы "Спектр" бағбандық қоғамына тиесілі трактордың май құятын багына түйе сүтін құйып қойған.

Сот отырысында баланың әкесі өз кінәсін толық мойындап, жеңіл жаза тағайындауды сұраған. Сот баланың әкесінің материалдық жағдайын, оның кінәсін толық мойындауын ескере отырып, әкімшілік айыппұл мөлшерін 30 пайызға азайтып, 16 905 теңге көлемінде айыппұл салды.

Соттың шешімі заңды күшіне енген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram