ПОДЕЛИТЬСЯ
30 маусым 2022 | 14:50
Атырауда бес жасар егіз қыз терезеден құлап кетті
Атырауда Нұрсая ықшамауданында егіз қыз үшінші қабаттың терезесінен құлап кетті. Олар жансақтау бөлімінде жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Биыл осындай екі жағдай тіркелген. Үш бала әртүрлі дене жарақатын алған (2021 жылы – төрт жағдай, оның ішінде үш бала жарақат алды, екеуі қайтыс болды).
"27 маусымда сағат 22:10-да "Нұрсая" ықшамауданында ересектердің қарауынсыз (анасы көрші бөлмеде болған) торға сүйеніп отырған 2017 жылғы егіз қыз үшінші қабаттағы терезеден құлап кеткені хабарланды. Олар ауыр жарақаттармен облыстық балалар ауруханасының жансақтау бөліміне жатқызылды", - делінген хабарламада.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также