22 қазан 2020 10:43

Атырауда ер адам Instagram-дағы жазбасы үшін сотталды

Атырауда 22 жастағы тұрғын Instagram желісіне аудио және видео материал жүктегені үшін сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisnews.kz басылымына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Атырауда 22 жастағы тұрғын Instagram желісіне аудио және видео материал жүктегені үшін сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisnews.kz басылымына сілтеме жасап.

Атырау облысы Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 22 жастағы жігіт дін маманы Ибн әл-Джаузидің идеясын насихаттайтын аудио-видео материалдарды Instagram желісінде жариялаған. Діни сараптаманың қорытындысына сәйкес, бұл жазбалардың мазмұны Қазақстанда қолдануға және таратуға тыйым салынған.

Реклама
Реклама

Осыған байланысты ер адам ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 453-бабын бұзғаны үшін жауапқа тартылды. Сот қаулысына сәйкес ол 55 560 теңге (20 АЕК) айыппұл төлейді, ал әлеуметтік желідегі парақшасы жабылды.

Бұдан басқа Атырауда соңғы уақытта Әкімшілік құқықбұзушылық кодекстің аталған бабы бойынша тағы төрт ер адам жауапқа тартылған. Олардың бірі Мысырда теологиялық бағыттағы күмән туғызатын оқу орнында білім алған. Содан кейін өзінің ВКонтакте желісінде ислами емес негіздегі идеологтарды насихаттаған. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram