Атырауда ер адамның қатыгездікпен соққыға жығылған видеосы тарады

Дина Шарипханова Корреспондент
Атырауда ер адамның қатыгездікпен соққыға жығылған видеосы тарады видео кадры

Әлеуметтік желілерде Атыраудағы көңіл көтеретін орындарының бірінде болған төбелестің видеосы жарияланды. Бұл жағдайға полиция пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әлеуметтік желілерде Атыраудағы көңіл көтеретін орындарының бірінде болған төбелестің видеосы жарияланды. Бұл жағдайға полиция пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Не болған?

Әлеуметтік желіде тараған бейнежазбадан алдымен екі ер адам арасында төбелес басталып, кейін оларға тағы бір адам қосылғанын көруге болады. Екеуі бір адамды ұрып-соғып, ол жерге құлап түседі. Бірақ одан кейін де соққылар жалғасады.

Реклама
Реклама

Келесі кадрларда, көшеде түсірілген видео пайда болады. Одан төбелес ғимарат сыртында да жалғасқаны байқалады.

Полиция пікірі

Атырау облысының Полиция департаменті оқиғаның 18 қаңтарда болғанын хабарлады.

"Полиция қызметкерлері 32 және 33 жастағы екі күдіктіні ұстады. Қазіргі уақытта бұзақылық дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр", - деп хабарлады ведомство.

Полиция мәліметінше, күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама