Атырауда ескерткіш құлап, қызды басып қалған: полиция куәгерлерді іздеп жатыр

viewings icon 270
comments icon 0
әлеуметтік желіден алынған әлеуметтік желіден алынған

Атырау облыстық Полиция департаментінің Тергеу басқармасы 7 жасар қыздың өліміне әкеп соқтырған оқиғаның барлық куәгерлерінен полицияға хабарласуды сұрайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Атырау облыстық Полиция департаментінің Тергеу басқармасы 7 жасар қыздың өліміне әкеп соқтырған оқиғаның барлық куәгерлерінен полицияға хабарласуды сұрайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиға 26 ​​маусымға қараған түні Атырау қаласындағы Жеңіс саябағындағы алаңда болған. 2017 жылы туған қыздың үстіне ескерткіш құлады. Ол алған жарақаты салдарынан облыстық балалар ауруханасында көз жұмды.

Ресми мәлімет бойынша, Атырау облысы ПД-нің тергеу бөлімі баланың өліміне қатысты соталды тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.

Реклама
Реклама

"Осыған байланысты оқиғаның нақты мән-жайын анықтау, істің толықтығын қамтамасыз ету мақсатында 2024 жылғы 25 маусымда кешке болған қылмыстық құқық бұзушылықты көрген және ескерткішті көтеруге көмектескен адамдарды Атырау қаласы, Әбілхайрхан даңғылы, №55 (№329 кабинет) мекенжайы бойынша немесе 98-22-72, +7702-741-53-95, +7747-750-95-95 телефоны бойынша тергеу басқармасына хабарласуды сұраймыз", - деді Атырау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная