12 маусым 2022 08:47

Атырауда жаңа туған нәрестені еденге түсіріп алу дерегіне қатысты тергеу жүргізіліп жатыр

Жансая Қадыржанова Корреспондент
© azh.kz

Атырау облыстық перинаталдық орталығында сәбиді еденге түсіріп алу дерегіне қатысты тергеу жүргізіліп жатыр, - деп хабарлайды "АқЖайық".

ПОДЕЛИТЬСЯ

Атырау облыстық перинаталдық орталығында сәбиді еденге түсіріп алу дерегіне қатысты тергеу жүргізіліп жатыр, - деп хабарлайды "АқЖайық".

Басылым мәліметінше, дәрігерлер баланың жағдайы жаман емес екенін айтқан.

Қала тұрғыны Әнуар Жұмабайдың айтуынша, әйелінің сіңлісі босанған соң 2 күннен кейін босанған әйелдермен бірге рентгенге түсуге шақырылған. Палатада төрт әйел болған. Алдымен екі әйелді, кейін тағы біреуін шақырған. Осылайша, босанғаннан кейін өз-өзіне келіп үлгермеген, өзі әрең қозғалатын бір әйел балаларға қарап қалған. Бір бала қатты жылап, келіншек оны қолына алып, жұбатуға тырысқан. Жұбата алмаған соң медбикелер мен дәрігерлерді шақыруға барған. Ешкім келмеген. Бір кезде әйелдің жағдайы нашарлап, баланы еденге түсіріп алған. Осыдан кейін де әйел мен балаға көмекке медбикелер емес, санитар келген екен. Бұл бейнебақылау камерасына түсіп қалған.

Реклама
Реклама

"Біз полициямен бірге келгенше екі сағат бойы балаға көмек көрсетілмеді, жансақтау бөліміне жатқызылмады, баланы тексермеді. Қызметкерлер ештеңе болмағандай кейіп танытты, бәрі "не болды?" деп кері сұрақ қойды. Бастапқыда баланың жағдайы жақсы екенін айтты. Орталық қызметкері анасына баламен бірге КТ-ға баруға болмайтынын айтты. Біз наразылық білдіргенде, тағы бір қызметкер ана жаңа туған нәрестемен бірге жүруі керек екенін растады. Бүгін нәрестеге қан құю керек екенін, ол кеше жансақтауға түспегенде, одан айырылып қалуымыз мүмкін екенін айтты. Орталық басшылығы зардап шеккен баланың анасымен сөйлеспей отыр. Ал анасына қазір баласының жағдайы қалай екенін, қандай шаралар жүргізіліп жатқанын айту үшін қолдау керек", - дейді зардап шеккендердің туысы Әнуар Жұмабай.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы бұл жағдайға қатысты пікір білдірді.

"Ең бастысы, бала аман. Тексеру және КТ нәтижесінде айтарлықтай кінәрат анықталмады. Бірақ қазір бұл істі тексеру үшін комиссия құрылды", - деді Асхан Байдувалиев.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
array:5 [
  0 => array:3 [
    "image" => "https://kaz.tengrinews.kz/userdata/news_kk/2024/news_360393/thumb_m/photo_122683.jpeg"
    "title" => "Атырау облысында экс-әкімнің бұрынғы әйелі сот үкімі туралы ойын айтты"
    "url" => "https://kaz.tengrinews.kz/kazakhstan_news/atyirau-oblyisyinda-eks-akmnn-buryingyi-ayel-sot-ukm-turalyi-360393/amp/"
  ]
  1 => array:3 [
    "image" => "https://kaz.tengrinews.kz/userdata/news_kk/2024/news_360387/thumb_m/photo_122677.jpeg"
    "title" => "Атырау облысында әйелін соққыға жыққан бұрынғы әкім сотталды"
    "url" => "https://kaz.tengrinews.kz/kazakhstan_news/atyirau-oblyisyinda-ayeln-sokkyiga-jyikkan-buryingyi-akm-360387/amp/"
  ]
  2 => array:3 [
    "image" => "https://kaz.tengrinews.kz/userdata/news_kk/2024/news_360348/thumb_m/photo_122635.jpeg"
    "title" => "Атырау облысында жер қойнауын пайдаланушыға 12,2 миллиард теңге айыппұл салынды"
    "url" => "https://kaz.tengrinews.kz/kazakhstan_news/atyirau-oblyisyinda-jer-koynauyin-paydalanushyiga-122-360348/amp/"
  ]
  3 => array:3 [
    "image" => "https://kaz.tengrinews.kz/userdata/news_kk/2024/news_360301/thumb_m/photo_122584.png"
    "title" => "Атырауда төрт жасар бала 10-қабаттан құлап кетті"
    "url" => "https://kaz.tengrinews.kz/news/atyirauda-tort-jasar-bala-10-kabattan-kulap-kett-360301/amp/"
  ]
  4 => array:3 [
    "image" => "https://kaz.tengrinews.kz/userdata/news_kk/2024/news_360112/thumb_m/photo_122380.png"
    "title" => "Атырау облысында шетелдік жүргізушінің көлігі өртеніп кетті"
    "url" => "https://kaz.tengrinews.kz/news/atyirau-oblyisyinda-sheteldk-jurgzushnn-kolg-ortenp-kett-360112/amp/"
  ]
]