12 қаңтар 2020 18:04

Атырауда жоғалған 9 жастағы бала іздестіріліп жатыр

Камила Долаева Журналист
Сурет: azh.kz

Атырауда полиция мен құтқарушылар кешеден бері жоғалған 9 жастағы екі баланы іздестіріп жатыр. Олардың бірі бүгін каналдан табылды , - деп хабарлайды "Ақ Жайық".  

ПОДЕЛИТЬСЯ

Атырауда полиция мен құтқарушылар кешеден бері жоғалған 9 жастағы екі баланы іздестіріп жатыр. Олардың бірі бүгін каналдан табылды , - деп хабарлайды "Ақ Жайық".  

Атырау маңындағы Құрсай ауылында тұратын Әлихан мен Жанболат 11 қаңтарда үйден кетіп, содан қайта оралмаған. Бұл туралы Атырау облыстық полиция департаменті мәлімдеді.

Реклама
Реклама

"Балалардың қайда жүргені әлі күнге белгісіз. Біздің қызметкерлер құтқарушылармен бірлесе отырып іздеу жұмыстарымен айналысып жатыр", - деп хабарлаған болатын Атырау облысы полиция департаментінің өкілі. 

Ақпарат бойынша, кейін жоғалған балалардың бірі Перетаска каналынан табылғаны мәлім болды. Екінші баланы іздеу жұмыстары жалғасып жатыр.

Полицейлер балаларды көргендер немесе олардың қайда екенін білетіндер болса, 102 кезекші пультіне хабарласуды сұрайды.  

Атырау облысы ТЖ департаменті балалардың осал мұз үстінде ойнап, суға кетіп қалу қаупін жоққа шығармай отыр.

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram