12 тамыз 2021 | 12:00

Атырауда көлік үстіне адамдарды шығарып алып көшеде жүргендер жазаланды

Дина Шарипханова Корреспондент

Атырауда жастар жеңіл көліктің үстіне шығып көшеде жүрген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Атырауда жастар жеңіл көліктің үстіне шығып көшеде жүрген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Оқиға 9 тамызда түнгі сағат 3:00 шамасында Атырау қаласы Жерұйық мөлтек ауданындағы көшелердің бірінде болған. Toyota Camry және Lada 21725 маркалы автокөліктері бірнеше адамды көлік үстіне мінгізіп, жолаушыларды тасымалдау ережесін бұзып, олардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін әрекеттер жасаған. Видео әлеуметтік желілерде жарияланды.

Реклама
Реклама

"Видео бойынша патрульдік полиция қызметкерлері Toyota Camry және Lada 21725 маркалы автокөліктерінің 18 және 19 жастағы жүргізушілерін анықтады. Олар өз кінәсін толықтай мойындады. Сол себепті 19 жастағы Toyota Camry автокөлігінің жүргізушісіне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 593-бабы 3-бөлігі ("Жолаушыларды және жүктердi тасымалдау қағидаларын сақтамау, осы баптың бiрiншi және екінші бөлiктерiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер") және ҚР ӘҚБтК-нің 612-бабы 1-бөлігі ("Құжаттары жоқ және басқару құқығы жоқ адамның көлiк құралын басқаруы") бойынша әкімшілік хаттамалар жасақталып, 29 170 теңге көлемінде айыппұл салынды", - деді Атырау облысы Полиция департаментінің бастығы Қамза Үмбетқалиев.

Ал, 18 жастағы Lada 21725 маркалы автокөлігінің жүргізушісіне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы 10-бөлігі ("Көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу, Осы баптың бiрiншi, бесінші, алтыншы, жетінші және тоғызыншы бөлiктерiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер") және ҚР ӘҚБтК-нің 593-бабы 3-бөлігі ("Жол жүрiсi қағидаларында көзделген жолаушыларды және жүктердi тасымалдау, қауiпсiздiк белдіктерiн немесе мотошлемдердi пайдалану жөніндегі талаптарды сақтамау, осы баптың бiрiншi және екінші бөлiктерiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер") бойынша әкімшілік хаттамалар жасақталып, 43 755 теңге көлемінде айыппұл салынған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная