Атырауда көлікте қамалып қалған бір жарым жасар сәби құтқарылды

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото:gov.kz

Атырауда көлікте қамалып қалған бір жарым жасар сәби құтқарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Атырау облысы ТЖД баспасөз қызметіне сілтем жасап.

Атырауда көлікте қамалып қалған бір жарым жасар сәби құтқарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Атырау облысы ТЖД баспасөз қызметіне сілтем жасап.

Ведомство мәліметінше, оқиға 25 тамызда сағат 8.28-де Атырау қаласы Геолог ықшамауданы, Ермұханов көшесі мекенжайында болған. ТЖД-ға автокөлік ішінде бір жасар бала кілттеніп қалғандығы туралы хабарлама түскен.

"Шақырту орнына дереу жеткен құтқарушылар 1,5 жастағы бала автокөлікте кілттеніп қалғандығын анықтады. Көліктің жанында баланың анасы болды. Құтқарушылар баланың анасынан уайымдамауын өтініп, көлікті қарап, авариялық-құтқару құралдары көмегімен салонның есігін ашты.

Бала аман-есен анасына тапсырылды. Жағдайы жақсы болғандықтан медициналық көмекті қажет етпеді", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама