06 шілде 2019 | 13:03

Атырауда лагерьдің шатырын жел ұшырып әкетті

Камила Долаева Журналист
© КТК

Атырау облысында құйынды жел сауықтыру лагерінің шатырын жұлып әкетті, - деп хабарлайды КТК тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Атырау облысында құйынды жел сауықтыру лагерінің шатырын жұлып әкетті, - деп хабарлайды КТК тілшісі. 

150 бала қауіпсіз жерге көшірілді. Төтенше оқиға балаларға арналған "Тұлпар" сауықтыру лагері орналасқан қала маңындағы Бесікті ауылында болды.

Реклама
Реклама

"Нөсерлі жауынмен бірге келген дауылды жел үш корпустың шатырын көкке ұшырды. Бұл уақытта балалар ғимараттың ішінде болған. Зардап шеккендер жоқ. Барлық 150 баланы ҚР Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті "Батыс өңірлік аэромобильдік шұғыл-құтқару жасағының" қызметкерлері қауіпсіз жерлерге эвакуациялады", - деп мәлім етті өңірдің Төтенше жағдайлар департаменті өкілі.

Дереккөз: КТК


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная