01 маусым 2021 | 15:04

Атырауда мемлекеттік туға қатысты тағы бір келеңсіз оқиға болды

Видеодан алынған

Атырауда мемлекеттік туға қатысты тағы бір келеңсіз жағдай болды. Бұл жолы туды теріс іліп қойған. Оқиғаның видеосы әлеуметтік желілерде жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Атырауда мемлекеттік туға қатысты тағы бір келеңсіз жағдай болды. Бұл жолы туды теріс іліп қойған. Оқиғаның видеосы әлеуметтік желілерде жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қалалық әкімдік өкілдерінің айтуынша, теріс ілінген ту 10-15 метр биікте ғана байқалған.

"Туды ілу кезінде оның жоғарғы жағын анықтау бойынша қиындық туды. Сенбі күні сағат 19.00 шамасы туды 10-15 метр биікке көтергенде теріс екені байқалды. Туды түсіріп қайта ілді. Бұл бірнеше минутқа созылды. Желіде тараған видеода тудың енді ілініп жатқаны көрініп тұр", - деді әкімдік өкілдері.

Реклама
Реклама

Сонымен қатар, қалалық әкімдік бұл 2020 жылғы желтоқсанынан бергі мемлекеттік тумен болған алғашқы келеңсіз жағдай екенін ескеруді сұрады.

Айта кетейік, 1 қаңтарда Атырау қаласының тұрғындары өңірдегі басты мемлкеттік ту жоғалғанын хабарлаған болатын. Қала тұрғындары суретті әлеуметтік желілер мен мессенджерлерге таратқан еді. Олар қатты жел салдарынан ту құлап, ұшып кетуі мүмкін деп болжады. Бірақ кейінірек әкімдік қатты жел мен дауыл болғандықтан мемлекеттік туды алып тастауды ұйғарғаны белгілі болды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная