07 желтоқсан 2021 | 15:01

Атырауда полицейлер көпірден секіріп кеткен жүкті әйелді құтқарып қалды

Дина Шарипханова Корреспондент

Атырауда көпірден секіріп кеткен 28 жастағы әйелді полицейлер құтқарып қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Атырау облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Атырауда көпірден секіріп кеткен 28 жастағы әйелді полицейлер құтқарып қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Атырау облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

7 желтоқсанда таңғы сағат 9.20 шамасында Атырау полицейлері бейнебақылау камераларынан жаяу жүргіншілер көпірінде "күдікті" әйел тұрғанын байқаған. Бұл ақпарат патрульдік полицияға берілген.

"Патрульдік полиция батальонының рота командирі, капитан Алмас Закариев жаяу жүргіншілер көпіріне шығып, көпірдің арғы бетінен секірмек болған қызды көрген. Полиция қызметкері оны суицид жасау ойынан айнытуға тырысқанымен, қыз көпірден секіріп кеткен", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Оқиға орнына полиция лейтенанты Жандарбек Жаңбырбаев пен полиция сержанты Айбат Джаубаев келіп, көпірден секіріп кеткен қызды құтқарып алған.

1993 жылы туған жүкті әйел жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізіліп, тергеу амалдары басталды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram