ПОДЕЛИТЬСЯ
05 маусым 2023 | 13:35
Атырауда "түлектер" жол апатына түскені туралы оқиғаның мән-жайы белгілі болды
Полиция қызметкерлері әлеуметтік желіде тарап жатқан жол-көлік оқиғасының мән-жайын түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Полиция қызметкерлері әлеуметтік желіде тарап жатқан жол-көлік оқиғасының мән-жайын түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Атырау қалалық полиция басқармасының мәліметінше, жол апаты 1 маусымда сағат 12:20 шамасында Атырау-Дамба тасжолында, Қызылбалық ауылында болған. 2005 жылы туған жүргізуші тізгіндеген Honda Odyssey көліктері мен 1998 жылы туған жүргізуші тізгіндеген ВАЗ-2114 көліктері соқтығысты.
Апат салдарынан бір жолаушы мен жүргізуші түрлі дене жарақаттарымен Атырау облыстық ауруханасына жеткізілді. Тиісті құжаттар жинақталып жатыр.
Полиция әлеуметтік желілерде көліктерді кәмелетке толмағандар жүргізіп және мектеп түлектері зардап шекті деген ақпарат шындыққа жанаспайтынын атап өтті.
Сонымен қатар, әлеуметтік желілерде тағы бір видео тараған болатын. Онда түлектер көліктердің терезелерінен жартылай шығып бара жатқаны байқалады.
"Мектеп түлектерінің көлікпен қаланы аралап, денелерін көліктің терезесінен шығарып алғаны туралы ақпарат негізінде тиісті шаралар қабылданды. Оның ішінде ӘҚБтК-нің 593-бабына сәйкес жол жүрісі қағидаларында көзделген жолаушылар мен жүктерді тасымалдау, қауіпсіздік белдіктерін тақпау талаптарын сақтамау ісі бойынша 10 дерек анықталды. Жол қозғалысы ережелерін бұзу бойынша жаяу жүргіншілер мен жол қозғалысының өзге де қатысушылары ҚР ӘҚБтК 615-бабы бойынша екі автокөлікті анықтады", - деп хабарлады Атырау полициясы.
Көлікте болған кәмелетке толмаған 20 жасөспірім полиция бөлімшесіне жеткізілді. Бөлімшеге кәмелетке толмағандардың ата-аналары шақыртылған.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также