06 наурыз 2021 | 10:19

Атырауда үш ересек пен бір бала газдан уланып өлді

Атырауда үш ересек адам мен бір бала улы газдан көз жұмды. Бала небары бес жаста болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Мой город" басылымына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Атырауда үш ересек адам мен бір бала улы газдан көз жұмды. Бала небары бес жаста болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Мой город" басылымына сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға 5 наурызда болды. Атырау облысы ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, Махамбет ауданының №11 өрт сөндіру бөліміне аудандық полициядан Салықов көшесіндегі жеке үйден төрт адамның мәйіті табылғаны туралы хабар келіп түскен.

"Шақыру орнына барған Махамбет ауданы ТЖ бөлімінің қызметкерлері 45 және 30 жастағы ер адам, 44 жастағы әйел мен бес жасар қыздың қайтыс болғанын анықтады. Оқиға болған жерде аудандық ТЖ және полиция бөлімінің қызметкерлері жұмыс істеді. Өлімнің алдын ала себебі - газдан улану", - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі өкілі.

Реклама
Реклама

Еске салайық, 19 ақпанда бес қабатты тұрғын үйдің үшінші қабатындағы пәтер өртенген еді. Онда 2015, 2016, 2017, 2019 және 2020 жылы туған кәмелетке толмаған бес бала болған, олар ересектердің қарауынсыз қалған. Алдын ала мәліметтер бойынша, балалардың әкесі жұмыста болған, ал анасы дүкенге кеткен. Барлық бала уланып шұғыл түрде ауруханаға жеткізілді, бірақ біраз уақыттан кейін қайтыс болды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная