Атырауда зираттағы құлпытастарға оқ атылған

Дәурен Ерболат Журналист
Атырауда зираттағы құлпытастарға оқ атылған Фото: elements.envato.com

Атырауда зираттағы құлпытастарға оқ атылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Ақ Жайық" басылымына сілтеме жасап. 

Басылымның мәліметінше, атыраулық Сейілхан Манаш тамыздың соңында Талғайран аулындағы мұсылман зиратына барған. Ауыл қала маңында орналасқан. Тұрғын зираттағы 6 қабірге аңшы қаруымен оқ атылғанын байқаған. Олардың арасында Сейілханның анасының да қабірі бар.

"Осыдан бір ай бұрын анам мен әпкемді жерледім. Қабірге кім оқ атуы мүмкін? Бұл - ақылға қонымсыз жағдай", - дейді ол.

Жарнама
Жарнама

Сейілхан Манаш қабірлер қалыпқа келтіргенін айтады. Бірақ полицияға шағым түсірмепті.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама