12 мамыр 2024 | 14:24

Атыраудағы ойын орталығында қыз биіктен құлап кетті

Фото/depositphotos/көрнекі сурет

Атырауда ойын орталығында қыз биіктен құлап кетті. Бұған дейін бұл ойын орталығында тағы екі бала жарақат алған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Мой город" басылымына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Атырауда ойын орталығында қыз биіктен құлап кетті. Бұған дейін бұл ойын орталығында тағы екі бала жарақат алған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Мой город" басылымына сілтеме жасап.

Әлеуметтік желідегі мәлімет бойынша, 9 мамырда қаладағы балалар ойын орталықтарының бірінде жасөспірім қыз зардап шеккен. Ойын кезінде қауіпсіздік жібі үзіліп кетіп, қыз биіктен құлағаны айтылған. Ата-анасы жедел жәрдем шақырып, зардап шегуші облыстық балалар ауруханасына жеткізілген.

Атырау облысының денсаулық сақтау басқармасы 10 жастағы қызға сол жақ шынтақ буыны мен оң жамбас сүйегінің көгеруі диагнозы қойылғанын хабарлады. Зардап шегуші амбулаторлық емдеуге жіберілген.

Реклама
Реклама

Сондай-ақ, осы ойын орталығында бұрын тағы екі баланың жарақат алғаны айтылған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram