06 қараша 2024 | 14:49

Атыраудағы сауда орталығында тікелей эфирге шыққан блогерлер соққыға жығылған

Midjourney

Атырау қаласының №2 сотында екі немесе одан да көп адамға қатысты тән ауруына ұшыратқан, бірақ денсаулыққа жеңіл зиян келтіруге алып келмеген зорлық-зомбылық әрекеттерін жасағаны үшін айыпталғанға қатысты қылмыстық іс қаралды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Атырау қаласының №2 сотында екі немесе одан да көп адамға қатысты тән ауруына ұшыратқан, бірақ денсаулыққа жеңіл зиян келтіруге алып келмеген зорлық-зомбылық әрекеттерін жасағаны үшін айыпталғанға қатысты қылмыстық іс қаралды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Атырау блогерлері қаланың сауда орталықтарының бірінің бутигіне кіріп, тікелей эфирге шығып, сауда орталығының санитарлық нормаларды сақтамауы бойынша полиция қызметкерлерін шақырған.

"Бутик иесінің ұлы – блогерлердің сатушыларға жұмыс жасауға кедергі келтіріп жатыр деген ойға келіп, ашуланып, күш қолданумен оларды сауда орталығынан шығаруға тырысып, олардың денсаулықтарына зиян келтірмей, соққыға жыққан", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Прокурор сотталушыны 40 тәулікке қамаққа алып, жәбірленушілердің азаматтық талап арыздарын толық қанағаттандыруды сұрады. Сотталушы кінәсін мойындамай, өзін ақтауды сұрады. Жәбірленушілер сотталушыға қатаң жаза тағайындауды сұрады.

Сотталушының кінәсі жәбірленушілердің, куәлардың айғақтарымен, іске тіркелген бейнежазбалармен өз дәлелін тапты.

ҚК-тің 109-1-бабының 2-бөлігінің 1-тармағында 100-ден 200 айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салу не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не 100-ден 200 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту, не 30 тәуліктен 50 тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алу түріндегі жаза көзделген.

Сотталушы ҚК-тің 109-1-бабының 2-бөлігінің 1-тармағымен кінәлі деп танылып, оған 461 500 теңге (125 айлық есептік көрсеткіш) айыппұл салу жазасы тағайындалды.

ҚК-тің 98-3-бабының негізінде оның жүріс-тұрысына 3 ай мерзімге ерекше талаптар белгіленді.
Азаматтық талап арыздары ішінара қанағаттандырылды: сотталушыдан жәбірленушілердің әр қайсысының пайдасына 200 мың теңгеден моральдық залал өтемақысы өндірілді. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная