Атырау базарында пышақ ұстаған ер адам жұртты шошытты

Атырауда ку?гер екі ер адамны? ?а?ты?ысын видео?а т?сіріп алды. Оларды? бірі пыша?пен ?арулан?ан. Разборка по-атырауски" деп атал?ан ролик Instagram желісіндегі zello_atyrau пара?шасында пайда болды.

Атырауда куәгер екі ер адамның қақтығысын видеоға түсіріп алды. Олардың бірі пышақпен қаруланған. Разборка по-атырауски" деп аталған ролик Instagram желісіндегі zello_atyrau парақшасында пайда болды.

"Ақ Жайық" сайтының мәліметінше, оқиға 1 шілдеде "Магнит" дүкенінің алдында болған. Кадрлардан ер адамдардың бірінің қарсыласына үлкен пышақпен шабуылдағаны көрінеді. Қарсыласы оған ұялы телефонын лақтырып жібереді. Осы кезде видео үзіліп қалған. Соңғы кадрларда оқиға орнына полицейдің жеткенін байқауға болады.

Реклама
Реклама

Облыстық ІІД өкілдері шабуыл жасаған адамның 31 жастағы жергілікті тұрғын екенін хабарлады. Оқиға кезінде ол мас болғанын және пышақты қайдан алғанын білмейтінін айтқан. 49 жастағы ер адамды ол танымайды екен. Пышақ ұстаған ер адамға қатысты "Ұсақ бұзақылық" бабы бойынша хаттама толтырылды.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама