Атырау облысында апалы-сіңлілі қыздар суға батып кеткен

Атырау облысында апалы-сіңлілі қыздар суға батып кеткен © БелТА

Атырау облысында?ы Орал ?зеніне бір отбасыны? екі баласы су?а кетті, - деп хабарлайды "Ак Жайык". ?ыздарды? бірі ?ш жаста, ал екінші бір жарым жаста ?ана бол?ан. 

Атырау облысындағы Орал өзеніне бір отбасының екі баласы суға кетті, - деп хабарлайды "Ак Жайык". Қыздардың бірі үш жаста, ал екінші бір жарым жаста ғана болған. 

Қайғылы оқиға 13 сәуірде Махамбет ауданындағы Атамбаев ауылында болды. Атырау облысының әскери-құтқару қызметінің жетекшісі Самат Құмашевтың айтуынша, түске таман ата-анасы балалардың үйде жоқ екенін байқаған. Кейін жағалаудан іздеген. Үй судан небәрі 20 метр жерде болған.

Кейін отбасының туыстары балалардың өлі денесін ағыспен төмен қарай екі шақырым жерден алып шыққан. 

Жарнама
Жарнама
Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама