Атырау облысында темір жолдан шығып кеткен пойыз апатынан бес адам зардап шекті

Атырау облысында темір жолдан шығып кеткен пойыз апатынан бес адам зардап шекті Фото ©flickr.com/louisfabries

№41 Алматы-Атырау бағытындағы жолаушылар пойызының жолдан шығып кетуі салдарынан бес адам зардап шекті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz 24.kz телеарнасына сілтеме жасап.

Атырау облыстық ТЖД мәлімдеуінше, зардап шеккендер санавиация тікұшақтарымен жақын маңдағы ауруханаға жеткізілген.

Естеріңізге сала кетейік, 19 сәуірде №41 Алматы-Атырау бағытындағы жолаушылар пойызы рельстен шығып кетіп, соның салдарынан 16 вагонның оны аударылған. ТЖД-ның хабарлауынша, апат кезінде тасымалдау құрамындағы жұмыскерлерді қосқанда, пойызда 495 адам болған.

Реклама
Реклама

Оқиға орнында 58 құтқарушы және үш өртке қарсы бөлім жұмыс жасап жатыр. Пойыз жолаушыларын шағын автобустармен жақын маңдағы елді мекенге – Мақат стансасына тасымалдауда. Төтенше оқиғаның мән-жайы әлі анықталмаған.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама