Атырау облысында жантүршігерлік жол апатынан 5 адам қаза тапты

Tengronews.kz мұрағатынан

Атырау облысыны? Исатай ауданында Атырау-Астрахань тас жолында ірі жол апаты болды, - деп хабарлайды ATPress.kz облысты? ІІД баспас?з ?ызметіні? ?кілі Назымг?л ?айса?алиева?а сілтеме жасап.

Атырау облысының Исатай ауданында Атырау-Астрахань тас жолында ірі жол апаты болды, - деп хабарлайды ATPress.kz облыстық ІІД баспасөз қызметінің өкілі Назымгүл Қайсағалиеваға сілтеме жасап.

Жол-көлік оқиғасы 14 қаңтарда шамамен 15:15-те Хамит Ерғали ауылынан бес шақырым жерде болған. Hyundai Accent және ВАЗ-21015 көліктері соқтығысқан. Жол апаты салдарынан оқиға орнында 60 жастағы ВАЗ-21015 жүргізушісі және оның төрт жолаушысы қаза болды - 1977 және 1961 жылғы әйел адамдар, 1989 жылғы және 1958 жылғы ер адамдар. 

Hyundai Accent көлігінде отырған жүргізуші мен төрт жолаушы (оның ішінде балалар да бар) Аққыстау ауруханасына жеткізілді. Қайсағалиеваның айтуынша, арнайы сараптамалар тағайындалады, тергеу шаралары жүріп жатыр.

Реклама
Реклама
Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама