Атырау-Орал тас жолында болған жол апатынан бес адам қаза тапты

© zello-aktobe

Атырау-Орал тас жолында бол?ан жол апатынан бес адам ?аза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Батыс ?аза?стан облысыны? ІІД баспас?з ?ызметіне сілтеме жасап.

Атырау-Орал тас жолында болған жол апатынан бес адам қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Батыс Қазақстан облысының ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"25 тамызда шамамен сағат 18.20-да Атырау-Орал тас жолының 209-шақырымында Атыраудан Оралға бағыт алған Mercedes маркалы көліктің жүргізушісі, 1967 жылғы ер адам көліктің тізгініне ие бола алмай, 1991 жылғы азамат жүргізіп келе жатқан "Газель" маркалы автокөлікпен соғысқан", - деп хабарлайды БҚО ІІД баспасөз қызметіндегілер.

Жол-көлік оқиғасының салдарынан екі жүргізуші мен Mercedes көлігіндегі үш жолаушы оқиға орнында қаза тапты. Ал бір жолаушы Ақжайық орталық аудандық ауруханаға жеткізілген. 

Реклама
Реклама

"Осы дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды, қажетті сараптамалар тағайындалды. Сараптама қорытындылары хабарланатын болады", - деді  БҚО ІІД баспасөз қызметіндегілер.

Айта кетейік, 2016 жылдың басынан бері Орал - Атырау тас жолында 23 жол-көлік оқиғасы болып, салдарынан 7 адам қаза тауып, 26 адам түрлі жарақаттар алған.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама