Атырау орталығында өзенде көлікпен жүрген жүргізуші тұрғындардың наразылығын тудырды

Видеодан алынған кадр

Атырау т?р?ындары ?ала орталы?ында?ы ?зенде к?лікпен ж?рген ж?ргізушіні? ?рекетін видео?а т?сіріп алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Атырау тұрғындары қала орталығындағы өзенде көлікпен жүрген жүргізушінің әрекетін видеоға түсіріп алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жүргізуші облыстық әкімдікке қарама-қарсы орналасқан ғимарат алдындағы мұзды өзенде жүрген. Куәгерлердің айтуынша, ол жүргізуші күнделікті "Нива" көлігімен жылдамдығын асырып, сол мұз үстімен жүреді. Осыған байланысты тұрғындар полицейлерден осы мәселені шешуді, оның әрекетінің дұрыс немесе бұрыс екендігін анықтауын сұрайды. "Қала орталығында осындай әрекет жасау нағыз жабайылық қой. Ол күніне бірнеше рет осылай жүреді. Кейде басқа жүргізушілер соның істегенін қайталайды. Бұл жол ережесін бұзу ғой, онымен қоса онда адамдар балық аулайды. Өзендегі мұз көліктің салмағын көтере алмай қалған жағдайда жүргізуші көлігімен қоса жақын маңдағы адамдарды да құлатады ғой", - деді қала тұрғындары.

Реклама
Реклама
Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама