ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 09 ақпан 2017 15:11
Атырауда балабақша маңында жол талғамайтын көлік өртенді
Атырауда балабақша маңында жол талғамайтын көлік өртеніп кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Оқиға куәгерлерінің айтуынша, төтенше жағдай таңғы уақытта Атырауда болған. "Нұрсая" ықшамауданында орналасқан "Мирас" балабақшасының маңында жол талғамайтын көлі өртенген. Алдын ала мәлімет бойынша, көлік газбен жүреді.
Куәгер жіберген сурет
"Toyota Land Cruiser Prado маркалы көлік өртенді. Өрт 09.22-де толығымен сөндірілді, зардап шеккендер жоқ", - деді Атырау облыстық ТЖД мамандары.
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу