Атырауда BMW жүргізушісі бар жылдамдығымен "Салтанат сарайы" ғимаратына кіріп кете жаздады

© atpress.kz

Атырауда BMW жүргізушісі бар жылдамдығымен "Салтанат сарайы" ғимаратының колонасын бұзды, - деп хабарлайды ATPress.kz.  Автомобильдің алдыңғы бөлігі қатты бүлінген.

Атырауда BMW жүргізушісі бар жылдамдығымен "Салтанат сарайы" ғимаратының колонасын бұзды, - деп хабарлайды ATPress.kz.  Автомобильдің алдыңғы бөлігі қатты бүлінген.

БАҚ мәліметінше, оқиға түс кезінде болған. Облыстық ІІД баспасөз қызметіндегілер ақ түсті BMW жүргізушісінің кім екенін анықтағанын жеткізді. Полиция қызметкерлерінің сұрағына жауап берген жүргізуші, қарсы жолда келе жатқан көліктен қашамын деп, Салтанат сарайының табалдырығына секіріп кетіп, колоннаны бұзғанын мәлімдеген. 

Реклама
Реклама

Оқиға орнында құқық қорғау органдарының қызметкерлері жұмыс істеп жатыр, жүргізуші наркологиялық сараптамадан өтеді.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама