ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 21 қаңтар 2018 16:20
Атырауда ер адам өзін өртеп жіберді
Атырауда әкесімен ұрсысып қалған ер адам өзін өртеп жіберді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Атырау облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға 20 қаңтарда Геолог ауылында болған.
"1985 жылғы ер адам үйіне үйлену тойынан барған, қонақтан. Ол біраз мас күйде болыпты. Әкесі екеуінің арасында жанжал туындап, ол әкесіне ренжіп, өз үйінің ауласында үстіне бензин құйған", - деді баспасөз қызметіндегілер.
Қазіргі таңда 32 жастағы ер адам ауруханада. Полиция бұл оқиғаға қатысты мән-жайды анықтап жатыр.
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу